loader


Отандық ғалымдар өткізгіш полимерлерді синтездеудің жаңа әдісін ойлап тапты

Отандық ғалымдар тың жоба ойлап тапты. Олар өткізгіш полимерлерді синтездеудің жаңа әдісін әзірледі.

Мәселен, полимер арқылы, бактериаларды анықтауға болады. Бұл жоба 2019 жылы бастау алған. Айтпақшы, полимердің қоршаған ортаға зияны жоқ.

Қазақстандық ғалымдар өткізгіш полимерлерді синтездеудің жаңа әдісін ойлап тапты. Жалпы өткізгіш полимерлерді наномедицинада қолдануға болады екен. Яки қауіпті не қауіпсіз бактерияларды анықтай аласыз.

Нұршат Нұражы, ғалым:

- Осы материал арқылы ішіндегі дәрілерді жеткізу, сол жерге жіберу. Наномедицина жағында дәріні өз деген жеріне аурудың сол жеріне жеткізуге уақытында беруге болады. zero (d) дегеніміз spferical болады. Бұл дегеніміз доп сияқты домалақ болады. Енді бұл материалдарды ң ішіне егер дәріні салсақ, оны сол жерге апарады.яғни кернеу берсек, сол ашылады да дәріні қай уақытта жіберу contorolда болады. қанша үлендікте, кішілікте, сол дәрілерді контрольдап, соны жіберуге болады.

Ғалымдардың айтуынша, полимер энергия сақтауда, полимерлі күн батареяларында және жарықдиодты шамдарда да қолданылады. Демек, бұл әдісті патенттеп, әрі қарай дамытса онда оның пайдасы зор. Тіпті виртуалды шындық (VR), кеңейтілген шындық (AR), және жасанды интеллект сынды басқа да озық технологияларды дамытуға болады.

Сәлімгерей Әділов, профессор:

- Тоқ өткізгіш полимердің бір қасиеті қалыптан қалыпқа салуға болады. Ол кішкене майысқақ. Металмен салыстырғанда оның құны төмен. Оны әртүрлі модификация жасауға болады. Химический модификациямен.

Нұршат Нұражы, ғалым:

- Жұмсақ, серпінді болғандықтан. Бұл мысалы серпін беттерге, киімдерге де істетуге болады. Сенсор ретінде қолдануға болады. Әртүрлі газдарды байқау. Улы газдар болса, соларды байқауға болады. Пайдасы тұрмысқа қолдануға көп.  мысалы тв-дың бетіндегі скрин ол осы полимерлден жасалған.

Отандық ғалымдардың тың жобасы әлемдік деңгейдегі ең үздік журналда жарияланған.

Айта кетейік, Нұршат Нұражы АҚШ-та профессорлық атақ алған. Сондай-ақ, Нано технология жөніндегі қосқан ерекше зерттеу үлесі үшін Джозеф сыйлығымен де марапатталған.  Бүгінде елге оралып, жас ғалымдарға қолдау көрсетіп келеді.

Сондай-ақ...