loader


Алматыда «JASA ОДАҒЫ» қоры деректі фильмнің тұсаукесерін өткізді

Балалар үйінде өсіп жатқан жеткіншектерді қазірден өмірге бейімдеу қажет.

Кейін олар мекеменің қабырғасынан шыққанда өзінің ой-пікірін жасқанбай еркін айта алатын, ортаға тез үйреніп кететіндей болуы тиіс. Ол үшін көбірек саяхаттап, дүние-танымын кеңейткен жөн. «JASA ОДАҒЫ» қоры, осындай пікірді ұстанады. Әлеуметтік қор өздерінің жеке қаржысына деректі фильм түсіріп, Алматыдағы кинотеатрлардың бірінде көпшілікке тарту етті. Фильмде балалар үйі тәрбиеленушілерінің ел ішіндегі саяхаты, одан алған әсері баяндалады. «JASA ОДАҒЫ» демалысты да ұйымдастырған. Мәселен, балаларды Петропавлдан Алматыға, Өскеменнен Астанаға, Павлодардан Ақтауға апарып, көрікті жерлерді көрсеткен. Саяхаттан бөлек, жеткіншектерді түрлі жобаларды таныстыруға, бағдарлама жасауға баулып, шеберлік сағатын өткізген.      

Денис Лукянчук, "JASA ОДАҒЫ" әлеуметтік қорының директоры:

- Біздің осы еңбегіміз балаларға оң әсер етті, деп ойлаймын. Олардың көбісі алысқа барып көрмеген. Бір емес бірнеше балалар үйінде болдық. Тәрбиешілерінің айтуынша, олар келген соң көпке дейін көрген білгендерін айтып тауыса алмай жүрген. Біразы осы жабық көрсетілімге келді.   

Вероника Дробот, балалар үйінің тәрбиеленушісі:

- Мен өмірімде алғаш рет теңізді көрдім. Жазда Ақтауға бардық. Каспий теңізіне түстік. Алған әсерімді айтып жеткізе алмаймын. Фильмнің түсіріліміне қатыстық. Міне, өзімізді көріп тағы қуанып жатырмыз.  

Сондай-ақ...