Қарағандыда контрофактілі ішімдік өнімдері тәркіленді

Қарағандылық полицейлер 35 мың шөлмектен астам контрофактілі ішімдік өнімдерін тәркіледі.

Күдіктілер жалған өнімге белгілі акциздік марканы жапсырып сатып отырған. Тінту кезінде әрқайсысы 1 мың жапсырмадан тұратын 7 бума қағаз тәркіленді. Аталған іс бойынша 5 ер адам мен 2 әйел ұсталды. Қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдіктілердің қылмысы дәлелденсе мүлкі тәркіленіп, 1 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.