Президент жұмыс сапарымен тобыл өңіріне барды

Рудныйда жағдай тұрақты. Пәтерлерде жылу бар. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен барып, шағын қаладағы жылу құбырының жарылу салдарымен танысты.

Тұрғындармен кездесіп, қаланың тұрмысына мән берді. Өңірдің әлеуметтік экономикалық дамуына ықпалы зор өнеркәсіп орындарын да аралады. Басшыларымен, жұмысшыларымен жүздесіп, кәсіпорынды көбейту, ондірісті арттыруға қатысты бірқатар тарпсырма берді.

Қыстың қамын жазда ойлап, жылу маусымына мұқият дайындалу керек. Бұл үкіметтің жіті назарында болуға тиіс. Президент Қостанайға жасаған жұмыс сапары барысында министрлер кабинетіне осындай міндет қойды. Рудныйдағы жылу құбырында болған апат салдарымен және қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Қазір жарылған жер анықталып, жөндеу жүріп жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Үкіметке бүгіннен бастап, әсіресе көктем және жаз айларында қысқы жылыту маусымына мұқият дайындалуды тапсырамын. Бұл – атқаратын басты міндет, себебі мұны созбалаңға салуға болмайды. Желілердің тозу деңгейі өте жоғары, 70, 80, кейбір жерлерде тіпті 90 пайызға дейін жетеді. Осы жұмыстармен айналысу қажет.

Құбырда жарылыс болған сәтте қаладағы 1200 ден астам пәтер жылудан ажыратылған. Қазір балама жолдар арқылы барлығы қосылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Құбырдың жарылғаны туралы хабарды тексеру үшін арнайы келдім. Жаңа ғана қала әкімі маған пәтерлерде жылу қалыпты жағдайда деген ақпарат берді. Соны өздеріңізден білгім келеді.

Сөзіміз дәлелді болсын деген тұрғынның бірі Президентті пәтеріне шақырып, үйінің жылы екенін көрсетті. Жұрттың жағдайымен етене танысқан  Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың тұрмысына маңызы зор нысандарды аралады. Соның бірі құс фабрикасы. Жылына 260 млн тонна жұмыртқа 500 тонна тауық етін шығарады. Президент шағын қалалар мен ауылдарда мұндай кәсіпорынның маңызы зор деді. Оларды дамытуға биыл 1 трлн теңге бөлінген. Енді тиімді игеру керек. Ал мынау қаланың қалыптасуына негіз болған алып кәсіпорын.

Қостанай облысы ғана емес бүкіл Қазақстан үшін экономикалық маңызы зор Саколов сарыбай кен орны. Жетпіс жыл жуық тарихы бар. Темір руда сынды метал түрлері өндіріледі. Қазанға ұқсаған мына алып шұңқырдан Былтыр 26 млн тонна руда қазып шығарылды. Бірақ табиғи байлық сарқылуға жақын. Сондықтан кәсіпорын кенді қалдықсыз әрі экологиялық таза тәсілдермен өндіруге басымдық беріледі.

Сергей Напольских, Соколов кенішінің басшысы:

- Кен орнында 2035 жылға дейін жұмыс істейміз. Алынған руданың 30% темір. Өнімді өз елімізден бөлек, Қытай, Ресейге экспорттаймыз. Санкциялық қиындықтар мен өндіріс көлемінің азаюына байланысты біз жаңа өнім шығаруды ойластырып отырмыз. Ол- Ыстық брикеттелген темір. 92% темірден тұрады. Өндірісі экологиялық жағынан тиімді. Одан «жасыл болат» жасап шығарылады. Нарықта бағасы жоғары болатынын болжап отырмыз.

Қостанай облысының Лисаков қаласында да коммуналдық мәселе аз емес. 36 мынан астам тұрғынды жылу су жарықпен қамтып отырған жалғыз орталықтың салынғанына жарты ғасырдан асқан. Тозу деңгейі 43%. Шағын шаһардағы Инеженерлік желілердің 59% ескірген. Мемлекет меншігіндегі коммуналдық мекеме кейінгі үш жылда бірақатар жаңғырту жұмыстарын жүргізді. Президент қарқынды күшейту керек деді.

Александр Сенчев, Лисаков жылу орталығының бас инженері:

- 2020 жылы су қайнататын бірінші қазандықты күрделі жөндеуден өткіздік. Сондай-ақ жол картасы бойынша желілік насостар ауыстырылды. Былтыр да жылу орталығында 168 млн теңгеге күрделі жөндеу жасадық. Қазір үш қазандық жұмыс істеп тұр. Біреуі резервте. Өткен жылдары шағын апаттар болды. Бірақ қала жылусыз қалған емес.

Өңірге сапары барысында мемлекет басшысы Қостанайдағы машина құрастыру зауытының жұмысымен танысты. Былтыр кәсіпорын Chevrolet, Kia, JAC, Jetour маркалы 70 мың көлік шығарды. Биыл 90 мыңға жеткізуге ниетті. Өндірісте отандық үлесті арттыру үшін кореялықтармен келісіп, жаңа цех ашқан. Мұнда киа спортэдж маркасы қаңқасынан бастап құрастырылады. "Биыл 25 мың данасын шығарамыз", - дейді кәсіпорын басшылығы. Алғашқы үлгісі бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа таныстырылды.

Сырым Семейбаев, көлік құрастыру зауытының директоры:

- Жаңа үлгіні шығару үшін арнайы цех жасақталды. 49 технологиялық құрылғыда, 3 мың түрлі нүктені дәнекерлей алады. Сосын бояуға жіберіледі. Қазір бес түске сырлай аламыз. Мамандарымыз роботтарды меңгеріп алды. Алдағу уақытта бояу түрлерін көбейтеміз.

Кәсіпорын жыл соңына дейін Kia Cerato маркасының да шағын тораптық өндірісін іске қосуға ниетті. Оған қажетті құралдар жеткізілген. Қосымша 400 жаңа жұмыс орны ашылды. Мамандарды кореялық инженерлер үйретті.

Әділ Шайкемелов, зауыттың оқшаулау бөлімінің басшысы:

- Қазіргі таңда оқшаулау бойынша 35-40% дейін жетіп отырмыз. Осы модель бойынша ұсақ түйінді құрастыру көліктің бағасын 10-15% дейін арзандатады. Себебі дәнекерлеу, сырлау жұмыстарының бәрі өзіміздің елімізде өткізіледі.

Жаңа үлгінің ерекшелігі мынада. Бұған дейін киа спортэдж көліктері елге қаңқасы құрастырылған негізгі бөлшектері орнатылған күйде келетін енді толықтай өзімізде жасалады. Яғни мынадай ұсақ бөлшектер осы зауытта дәнекерленіп боялады сөйтіп жаңа дайын көлік шығады.