Қостанайда жаңа экологиялық жоба іске асырылды

Қостанайда елімізде баламасы жоқ бірегей экологиялық жоба іске асырылды.

Құрамында түрлі өсімдік, көкөніс тұқымы бар қағаз бұйымдары шығарылады. Қостанайлық кәсіпкердің бұл технологиясы халықаралық экологиялық ұйым тарапынан жоғары бағаланып отыр.

Мынау қолданылған қарапайым шақыру қағазы. Бірақ мұның бір ерекшелігі оны топыраққа отырғызсақ былай, бір айдан кейін мынандай гүл өсіп шығады.

Қарап отырсақ технологиясы қарапайым. Қағаз қалдықтарын ұсақтап, үгітіп, екі сағатқа суға салып қояды. Ол сұйықтықты,арнайы құралмен қоюландырады. Сосын белгілі бір қалыпқа құйып, кептіреді. Қағаз жасаудың көпке мәлім әдісі. Бірақ мұндағы бір ерекшелік, сұйықтыққа өсімдік тұқымы қосылады. Және ешқандай қышқыл, химикат қолданылмайды. Содан түрлі қағаз бұйымдары жасалады.

Жанна Божатова, экокәсіпкер:

- Бұл өте қызық ерекше өнім. Әдетте  адамдар қолданылған шақыру қағаздарын, ашықхаттарды  қоқысқа тастайды. Ал біздің бұйымды бақшаға ексе, бір жағынан өнім алады, екіншіден  экологиялық тұрғыдан тиімді.

Мамандығы эколог болғандықтан қоршаған орта мәселесі Жаннаға жақсы мәлім. Сондықтан бұл жобаны аяқсы қалдырмай, қайта өркендетсем деген ойы бар.

Жанна Божатова, экокәсіпкер:

- Біз өндірісті кеңейтіп, әлі де дамытсақ дейміз. Ол үшін арнайы құрал-жабдықтар сатып алу керек. Ерте ме, кеш пе осындай қалдықсыз өндіріске көшеріміз хақ.

Бұл жобаны бастағанына аз уақыт өтсе де, жас кәсіпкер көпшілікке танылып  үлгірген. Былтыр экологиялық өндіріс байқауында облыста бірінші орынды жеңіп алса, халықаралық денгейде жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Сондай-ақ...