Талдықорған көшелеріне алдағы 2 айда 30 «Сергек» камерасы орнатылады

Бұл, ең алдымен, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін қажет. Өйткені жүргізушілер жылдамдықты шамадан тыс арттырып, жол қозғалысы ережелерін дұрыс сақтамайды.

Ал ата-аналар мектепке баратын балалары үшін алаңдайды. Сол себепті өткен жылы қалаға кіретін негізгі көшелерге 5 «Сергек» аппаратық бағдарламалар кешені орнатылған еді. Олар бүгінгі күнге дейін пилоттық режимде жұмыс істеп тұрды. «Осы уақыт аралығында ешкімге айыппұл салынған жоқ. Біз үшін алдымен оның тиімділігін тексеріп көру керек болды», - дейді қала әкімі Әсет Масабаев.

Әсет Масабаев, қала әкімі:

- Және бір ескертетін жағдай, бұл аппараттық кешен біздің Бас прокуратурамен байланысқан. Бұған мен де және жергілікті полиция департаменттері де ешқандай ішіне өзгеріс немесе басқа да жағдайларды істей алмайды. Түсірілген азамат, көліктің иесі бірден айыппұл сол азаматтың өзіне келетін болады.