loader


Астанадағы «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» жобасы жалғасып жатыр

Астанадағы «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» жобасының 5-ші кезеңіне 40-қа жуық жас қатысады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың көбі –  елордадағы ірі университеттерде оқитын студенттер. Жоба дарынды әрі белсенді жастарды мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге ынталандыра отырып, олардың біліктілік қабілеттерін және кәсіби шеберліктерін дамытуға үлес қосады. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Астана қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен басталған ауқымды жоба бұған дейін талай шәкіртке жол сілтеген. Мұнда қатысушылар «Болашақ» бағдаламасы, Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелері, «Үздік мемлекеттік қызметші» атанған, білікті мамандардан дәріс алады. Ал қатысушыларға арнайы сертификат табысталады.

Әли Көмекбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігігің қалалық департамент басшысы:

- Мемлекеттік қызмет агенттігі өзінің жұмысын жүргізуде. Президенттің ұстанымын практика жүзінде енгізу мақсатында түрлі жобалар дайындалуда. Осындай мектептің түлектеріне, қызметке барам дегендерге жеңілдіктерді енгізу пікірлес ретінде өтуде. Өздерінің оқуларымен қатар мектепке келіп отырады, оқуына зиян келтірмей, 1-2 сағат мемлекеттік органдардан «стажировкадан» өтеді. Сөйте тұрып, бізге келіп, теориясын алып, сертификатын алып, бізге келуге мүмкіндік болады.

Сондай-ақ...