Көрікті Бурабай көгінде ең үлкен мемлекеттік ту желбіреді

Көк байрақтың ені 15 метр болса, ұзындығы 30 шаршы метрді құрайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Патриоттық шара «Отан» акциясы аясында ұйымдастырылған. Аспанға алып тудың көтерілуін жергілікті тұрғындардан бөлек, республиканың әр қиырынан жиналған еріктілер мен туристар тамашалады. Бұл – республика бойынша үлкен көлемде тіркелген үшінші ту. Соның бірі елорда төрінде желбіреп тұр. Енді бірі «Ашық аспан» акциясы аясында Алматы көгінде қалықтаған болатын. Ұйымдастырушылар Бурабай бөктерінде игі дәстүрді жалғастырғандарын айтады.

Рамиль Набиулин, акцияны ұйымдастырушы:

- Бүгінгі іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік туды ұлықтау, жастардың бойына патриоттық сезім ұялату. Сондай-ақ көк туды көкке көтеру арқылы біз өңірдің әсем табиғатын көрсетіп отырмыз.