Өрттен зардап шеккен тараздық кәсіпкерлердің несиесі кейінге шегеріледі

Бұл жайында қала әкімдігі мәлімдеді.

Шаһар басшылығы банктерге арнайы хат жазып, төлемдерді кейінге қалдыруды сұраған. Қаржылық ұйымдар бұл өтінішті ескерген. Сонымен қатар, саудагерлерге облыс орталығындағы екі базар тегін сауда орындарын ұсынып отыр. Зардап шеккендер 3-5 ай аралығында тек коммуналдық төлемді ғана төлесе жеткілікті. Еске салсақ, 20-қаңтар күні «Ақсай» сауда орталығы өртке оранып, 44 сауда бутигі түгелдей жанып кеткен еді. Қазір шығын көлемі анықталып жатыр. Алдын ала болжам бойынша қызыл жалын электр желілерінің қысқа тұйықталуынан шыққан.

Қайрат Исмаил, қала әкімінің орынбасары:

- 18 кәсіпкер орналасып, сауда саттығын ұйымдастыруда. Қалғандары тиісті саудаға қойылатын тауарларын жинақтауда. Сол жақтан алаңшалар ұсынылады. Жойылған мүліктерді қайта қалыпқа келтіру бойынша өтемақы сұрауда. Бірақ та бұл заңда жеке кәсіпкерлердікі көзделмеген. Сақтаедыру компанияларымен жұмыс істеуі керек. Сондықтан бұл жерде өтемақы төлеу мәселесі қаралып отырған жоқ.