Президентке елдегі бизнес белсенділіктің жәй-күйі баяндалды

Елімізде 2025 жылға қарай шағын және орта кәсіпкерліктің  жалпы ішкі өнімдегі үлесі 35% дейін артады.

Бүгін Президентке Қазақстандағы бизнес белсенділіктің жәй-күйі туралы баяндалды. Ұлттық құжатта кәсіпкерлікті дамытудың негізгі көрсеткіштері мен саладағы мәселелерді шешу жөніндегі шаралар қамтылған. «Басынан бастап реттеу» реформасы бизнестің жүктемесін 30% азайтып қана қоймай, оңтайлы әрі түсінікті реттеуші орта қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұған қоса, Бас прокуратура бизнесті қорғау жөніндегі бірлескен іс-қимылдардың кешенді жоспарын бекітті.

Айта кету керек, мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде былтыр 5200-ден астам жаңа кәсіпорын ашылды. Қазіргі уақытта шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1,5 млн-ға жуықтады. Онда 3,5 млн адам жұмыспен қамтылған.