Елдегі барлық су қоймалары тәулік бойы бақылауға алынады

Қаңтар айында таулы аймақтарда жауын-шашын көлемі әдеттегіден 4 есе көп түскен.

Соның салдарынан су тасқыны қаупі жоғарылап отыр. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова «Сұхбат» бағдарламасында айтты. Министрдің сөзінше, қазір су қоймаларында жиналған судың деңгейі 60-тан 75% дейін жеткен. Қазір жедел штаб құрылып мамандар әрбір гидро нысанда күнделікті мониторинг жасап мән-жайды бақылап отыр. 

Зулфия Сүолейменова, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:

- Бұқтырма су қоймасында қазіргі таңда 42% резерв бар. Шөлбі су қоймасында әзірше 22% көлем бар. Әсіресе Шардарада көп сөз болды. Қазіргі таңда ол ерде 30% жуық резерв бар. Барлық су қоймаларға тоқатамай-ақ қояйын. Дегенмен қазіргі таңда соңғы 20 күнде біз әр күн сайын тиісті қорытынды жасап, нақты әрбір су қоймаларының жағдайын қадағалап, судың келуі және суды ағызу мәселесіне ерекше қарап жатырмыз.