Атырауда жұмыссыз жүрген азаматтар үшін өндіріске қажетті мамандарды тегін даярлайтын курс ашылды

Ол өңірдегі мұнай-газ компанияларында қысқартуға іліккен қызметкерлерге арналған.

Ауыл жастары тегін тамақпен және жатақханамен қамтылады. Бұған дейін 2000 адам қайта даярлаудан өтіп, 1300-і жұмысқа орналасқан болатын. Мұнайлы өңірде 2020 жылы мәреге жеткен «Теңіз» жобасының 3-кезеңінен 30 мыңға жуық адам қысқарды. Олардың 70% - жергілікті тұрғындар. Бірінші кезекте осы санаттағы азаматтар қамтылады.

Азамат Мәмбетов,  облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:

- Биылдың өзінде 1000 адамды қайта даярлау және даярлауды жоспарлап отырмыз. 16 қаңтардане бастап осы 21 қаңтар аралығында біздің мамандар ТШО мамандары оқу орындарының мамандары аудандарды аралап іріктеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ол 5 мамандық бойынша яғни құбыр монтаждаушы, электр монтажер, КИП мамандықтары бойынша: құбырларды дәнекерлеу, металлоконструкция дәнекерлеушісі тағы да басқа осындай мамандықтар ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз.