Абай облысында үш жылда 60 пәтер берілді

Абай облысының Ақсуат ауданында 300-ге жуық адам баспана кезегінде тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Өз үйі - өлең төсегіне» қол жеткізуді күтіп жүргендер – көп балалы аналар, тұрғын үйі апатты деп танылғандар,  жетім балалар мен мемлекеттік қызметкерлер. Өзекті мәселені шешу мақсатында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында өңірде соңғы 3 жылда 85 шаршы метрлі 60 пәтер салыныпты. Өткен жылы ауданда 16 отбасы қоныс тойын тойласа, биыл 26 пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр.