loader


Павлодарда жол сапасы мен тазалығы жіті бақыланады

Павлодарда көше тазалығын қамтамасыз етуге 100-ден аса техника, 200-ге тарта адам жұмылдырылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қыс маусымы басталғалы бері 260 мың тоннаға жуық қар шығарылыпты. Мұндай  жұмыс республикалық маңызы бар тасжолдар мен облыс жолдарында да  қарқынды жүріп жатыр. Күре жолдарда кедергісіз жүруді «Қазақавтожол» бөлімшелері қамтамасыз етеді. Ауа райының қолайсыздығына байланысты олар кешеден бері күшейтілген кестеге көшті. Жолдар қардан тазартылып,  көктайғаққа қарсы материалдар себіліп жатыр. 

Тілек Әбішев, "Қазақавтожол" ПОФ № 61 жол пайдалану учаскесінің бас инженері:

- Қыс маусымы басталмай жатып құм мен техникалық тұздың мол қорын дайындадық. Екеуінің қоспасын көктайғаққа қарсы қолданамыз. Біздің бөлімшеге 3 мың тонна құм мен 500 тонна тұз жеткілікті.

Сондай-ақ...