Елімізде спорт саласына қолдау көбейеді

Бүгін Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы отып, оның барысында Алтай Көлгінов жазғы ойындар дайындығына ерекше тоқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Премьер-Министрдің орынбасары жаттығу жұмыстарының сапалы ұйымдастырылуын тапсырды. Үкімет тарапынан қолдауға қажетті барлық жағдай жасалады. Енді соның қайтарымы ретінде сала мамандары тиімді еңбек етіп, Париждегі ойындарда ел абыройын асқақтау қажет. «Бұдан былай спорттық федерациялардың жұмысы осы олимпиада мен әлем чемпионаттарының нәтижесі бойынша бағаланады», - деді Алтай Көлгінов.

Алтай Көлгінов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

- Президент біздің алдымызға нақты тапсырма қойды. Оның негізінде алдағы Олимпиадаға сапалы дайындық жүргізуіміз қажет. Әсіресе өткен жазғы ойындардағы қателіктерді қайталамау маңызды. Құзырлы министрлік осыған ерекше екпін жасайды деген үміттемін. Өйткені ел бізден жақсы нәтижелер күтеді. Спортшылар халықтың сенімін ақтауымыз қажет.