«Аrtsport» бағдарламасы жалғасын табады

Жартты млн-ға жуық бала спорттық және шығармашылық үйрмелелерге тегін қатыса алады. Бұл жөнінде Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов мәлімдеді.

Ведмоствоның кеңейтілген алқа отырысында ол «АртСпорт» бағдарламасы жалғасатынын және осы мақсатта 87 млрд теңге қарастырылғанын жеткізді. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда  артты. Сәйкесінше секцияға келетін балалардың да саны 160 мыңға өседі. Енді бөлінген қаржыны тиімді жұмсау үшін мемлекеттік тапсырысты алушыларға қатысты талаптар күшейе түсетінін алға тартты спортқа жауапты министр.

Асхат Оралов, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

- Ортақ жауапкершілік ретінде біз орталық мемлекеттік мекемелермен, жергілікті атқарушы биліктің және де үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен , жалпы спорт жанашырларымен бірлесіп, жұмыс атқаруға шақырамыз. Өйткені бұл – үлкен жауапкершілік, біраз ақша. Ең алдымен, осы ақша балалардың тәлім-тәрбиесіне, дене шынықтырумен айналыс мақсатында тиімді пайдаланылуы керек деп есептеймін. Сондықтан бірлесіп, әрқайсыңызды жұмыс жасауға шақырамын.