loader


Таразда бүлдіршіннің ішінен 4 ине алынды

Таразда 3 жасар бала тігін инесін жұтып қойған. Бұл жайында облыстық балалар ауруханасына бүлдіршінді алып келген анасы айтқан.

Дәрігерлер баланы жедел ренген аппаратына түсіріп, ішінен 4 ине мен сырт киімнің сыдырмасын да анықтаған. Бір қызығы, темір жұтқан бала ешқандай ауыртпашылық сезбеген. Алғашқыда ота жасауға оқталған ақхалаттылар,  кейін инені эндоскопиялық жолмен шығаруды жөн санапты. Солайша, 8 күнде 3 рет наркоз салып, ағзаға кірген инені алып шыққан.

Мәулім Кенжеалы, облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

- Киім тігетін инелер – 3-4 сантиметрлік инелер. Тоқ ішектің қатпарына барып қадалған. Бірақ іш құрылысын әрі қарай тесіп өтіп кетпеген. Эндоскопиялық жолмен және ФГДС, колоноскапиялық жолмен тік ішек арқылы кіріп, жалпы наркозбен 4 ине алынып шығарылды.

Сондай-ақ...