loader


Қазақстанда 3 күн ішінде 900 шетелдік көлік заңдастырылды

Олардың иелері мемлекеттік нөмір мен заңды техникалық паспорт алды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.

Бұл жұмыстар жалғасып жатыр. Бүгінгі күнге дейін 13 мың өтініш мақұлданған.

Еске сала кетейік, қазақстандық нөмір тек өткен жылдың 1 қыркүйегіне дейін ел аумағына кіргізілген көліктерге ғана беріледі. Сондай-ақ бұл темір тұлпарлар есептен шығарылған, іздеу жарияланбаған және кедендік рәсімдеуден өткізілген болуы тиіс. Заңдастыру 1 шілдеге дейін жалғасады.

Сондай-ақ...