Әділхан Қазыбай «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері Әділхан Қазыбай «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды.

Комитеттің орталық аппаратында өткен рәсімге Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы қатысты.  Әділхан Қазыбай өртте балаларды құтқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін осындай алғысқа ие болды.