Мерзімді әскери қызметін өтеген азаматтар енді әскери оқу орындарына тегін түсе алады

Бұдан бөлек, Қорғаныс министрлігімен меморандумға отырған кез келген жоғары оқу орнында тегін және ақылы түрде білім алуына мүмкіндігі бар. Бұл жөнінде азаматтардың мерзімді әскери қызметін өтеуге ынтасын арттыру мақсатында ұйымдастырылған жиын барысында айтылды.

Шараға Қорғаныс министрлігінің тәрбие және идеология, әскери білім және ғылым департаментінің қызметкерлері қатысты. Министрлік өкілдерінің айтуынша, әскери борышын өтеген азаматтар екі жыл ішінде жоғары оқу орындарына түсіп, білім алуына болады.

Ғалымжан Жұмабаев, ҚР ҚМ Тәрбие және идеология департаментінің аға офицері:

- Құрылық әскери институты, Радио-электроника және байланыс институты, Ақтөбе қаласында орналасқан ұшқыштарды даярлайтын әскери институт. Оларға ақысыз түсуге мүмкіндіктері бар. Өздерінің болашағын әскери мамандықпен байланыстыратын жігіттерге бұл үлкен мүмкіндік.