Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін бұзған 183 қызметкер жауапқа тартылды

Өткен жылы мемлекеттік сатып алу рәсімдерін бұзған 183 қызметкер тәртіптік және әкімшілік жауапқа тартылды.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне қарасты Қоғамдық кеңесінің мүшесі Дидар Смағұлов мәлімдеді. Оның айтуынша, түрлі лауазымды қызметтегі басшыларға 120 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынған. Нәтижесінде қаржы бюджетке толығымен қайтарылды. Бұл тұрғыда Қоғамдық кеңес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігімен қатар, түрлі үкіметтік емес ұйымдармен рейд жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп отырады. Сондай-ақ аталмыш саладағы орын алатын олқылықтарға жол бермеу – біздің мақсатымыз, дейді Дидар Смағұлов.

Дидар Смағұлов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғамдық кеңесінің мүшесі:

- Өткен жылы 2500-ге жуық азаматқа тегін заң көмегі көрсетілді. Ұйымға жалпы 5 мыңнан аса өтініш келіп түсті. Олардың көпшілігі объектілерді салу және мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты күдікпен байланысты болды. Өткен жылы біз 20 млрд теңгеден астам сомаға 1 мыңнан астам тәуекелді сатып алуды анықтадық.