Павлодар облысында «Қазпошта» директорының орынбасары пара алды деген күдікке ілінді

«Қазпоштаның» Павлодар облыстық филиалы директорының орынбасары пара алды деген күдікке ілінді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің мәліметінше, ол мердігер ұйымның өкілінен атқарылған жұмыс актісіне кедергісіз қол қоюы үшін ақша бопсалаған. Оның заңға қайшы әрекеті «Қазпошта» АҚ -ның ішкі қауіпсіздік қызметімен бірлескен жұмыс нәтижесінде анықталды. Күдіктіге қатысты нақты шешімді сот шығарады.

Дархан Құрақбаев, облыстық Жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің жетекшісі:

- Ол кәсіпкерден атқарылған жұмыс актісіне кедергісіз қол қойып беру үшін екі миллион теңге қаржы бопсалаған. Кеше ғана сот санкциясымен қамауға алынды.