Қызылордада қоғамдық көліктер жаңарады

Биыл Қызылорда қаласындағы қоғамдық көліктердің 70-80% жаңарады.

Ол үшін облыс орталығына 200 су жаңа автобус жеткізілмек. Өткен жылы ғана қоғамдық көлік паркі 100 темір тұлпармен толыққан еді. Соның нәтижесінде пандемия кезінде жабылып қалған бірқатар бағыттар қайта ашылып, тұрғындардың сұранысы біршама өтелді.

«Облыс орталығындағы жолаушылар тасымалы мәселесін шешу үшін өткен жылдың соңына таяу 100 жаңа автобус жеткізілген болатын. Содан бері қатынас мәселесі түзелді», - дейді қала тұрғыны Шұға Төреханова.

Шұға Төреханова, қала тұрғыны:

- Қазаннан бастап қосылды осы үлкен автобустар. Желтоқсанға дейін браз автобустар келді Жаңа жылға дейін. Жақсы болып қалдық. Автобустар жылы, уақытылы келеді. 

Қаланың автобус паркі үлкен сыйымдылықтағы жаңа көліктермен толыққаннан кейін, тұрғындардың өтініш-тілектері біртіндеп орындала басатаған.

Әмірбек Ахметов, оқушы:

- Қазіргі уақытта 20-маршрут дәл алдына тоқтайды. Біз мектепке бұрын кешігіп, апайлардан ұрыс естуді қойып, қазіргі уақытта ертерек барып алдына отырамыз. 

Қайрат Сүлейменов, қала тұрғыны:

- Автобустар іші жылы, бір жағынан жайлы. Ескілерін құртса, жаңа болса деген ойдамыз ғой енді.

Бүгінде Қызылорда қаласында қоғамдық көліктердің 34 бағыты бар. Соның 12-сі жаңа автобустармен қамтылған. Мамандар алдағы уақытта бұл көрсеткішті 80% дейін жақсартуды көздеп отыр. Ол үшін келесі айдан бастап қалаға тағы жаңа автобустар келе бастайды. 

Мақсат Жүсіп, автобус паркінің директоры:

- Бұдан да әрі қарай 50 автобусымыз ақпан айында келеді деп күтілуде. Бұдан бөлек биылғы мамыр, шілде айларында тағы да үстіне 150 үлкен сыйымдылықтағы автобустар келеді деп жоспарлануда. Оның да қазіргі таңда ақшасы бөлініп, 1 млрд 434 млн теңге ақшасы бөлініп, қарастырылды.

Жеңісбек Файзуллаев, қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы:

- Бұл қоғамдық көліктер келгеннен кейін 31,12,16 бағыттарға жаңа автобустарды қою жоспарлап отырмыз.

Жаңа автобустар электронды төлем жүйесімен қамтылған. Сонымен бірге арнайы телефон қосымшасы арқылы өзіңіз күткен бағыттағы көліктің қай жерде келе жатқанын, қанша уақытта жететінін бақылауға болады.

Сондай-ақ...