Елде 5G желісі биыл іске қосылады

Елдегі ірі мегополистер жыл соңына дейін 5-ші буынды байланыс желілерімен қамтылады.

Қазір операторлар жылдам интернеттің инфрақұрылымын дайындап жатыр.  Жалпы, 5 джи интернетін барлық өңірдің орталықтарында қосу жоспарда бар. Бұл жұмыстар 2027 жылға дейін жалғасады. Сондай-ақ, «Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасының аясында 3 мыңнан аса тұрғыны бар елді мекендерге оптикалық желі тартылады. Қазіргі таңда 5 мыңға жуық ауыл кең жолақты мобильді интернетке қосылған. Енді мақсат - мұндағы 3G-дің орнына 4-ші буынды байланысты қосу.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:

- Сапасы төмен интернет пен мобильді байланысқа шағым көп. Тіпті ірі қалардың тұрғындары да мұндай мәселемен кезігеді. Қазір ұялы телефонның көмегімен кез келген жұмысты істеуге болады. Бірақ кей жерлерде интернеттің жоқтығы бұған мүмкіндік бермей отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, барлық қалалар мен аудан орталықтарында сапалы байланыс болуы керек. Бұл қатарға республикалық маңызы бар автожолдар да кіреді.