Алматыда таңғы сағат 06:11-де жер дүмпуі сезілді.
Сейсмикалық станциялардың мәліметінше, жер сілкінісі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 191 шақырым жерде, Қырғыз Республикасының аумағында болған. Алматыда 2-3 балл көлемінде сезілген. Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінші жер дүмпуінен ешқандай зақым келмеген.