Биыл еліміздің үш мегаполисі 5G желісіне қосылады

Бұл жайында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлады.

Мамандардың айтуынша, ірі шаһарларда мобилді байланыстың 15 пайызы жылдам интернетпен қамтылады. Қазір Астана мен Алматы және Шымкентте сынама жобалар жүзеге асып жатыр. 2027 жылға дейін қамту көрсеткішін 75%-ке жеткізу жоспарда бар. Ал облыс орталықтарына ұялы байланыстың бесінші толқыны келесі жылы жетеді.