Елімізде әйелдердің кәсіпкерліктегі үлесі артып келеді

2002 жылдан бері 10 мыңнан астам нәзік жанды өз кәсібін ашқан. Қазіргі таңда еліміздегі кәсіпорындардың 40%-тен астамын әйелдер басқарады.

Мемлекет тарапынан да олардың тіршілігін тіктеуіне барлық жағдай жасалған. Былтыр Ұлттық экономика министрлігінің қолдауымен облыс орталықтарында әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға арналған 17 орталық ашылды. Биыл тағы 20-сы іске қосылмақ. Онда өз кәсібін ашқысы келетін қыз-келіншектерге қолдау көрсетіледі. Бизнесте тәжірибесі бар іскер әйелдер кеңес беріп, кәсіпті неден және қалай бастау керектігін үйретеді.

Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның қолдауымен Түркістан қаласында өткен «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту – аймақты дамыту» атты дөңгелек үстелде осы орталықтың мүмкіндігі мен қызметі жан-жақты талқыланып, кеңінен таныстырылды.

Мерей Исаева, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің департамент директорының орынбасары:

- Әйелдерге қолдау қажет. Әйелдерді оқыту қажет. Өйткені әйел адамдардың жалғыз жұмысы емес, отбасы бар, келіншік қызметтері бар. Тамақ, тоқыма өнеркәсібі, тігін, қызмет көрсету және туризм саласында әйелдер тапшы. Өйткені олардың қолынан ол келеді деп ойлаймын. 

Сондай-ақ...