Алматыда адам саудасымен күрес тәсілдері пысықталды

Алматы Халықаралық әуежайының қызметкерлері адам саудасының ықтимал құрбандарын анықтау жөнінде тренингтен өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Семинарды өткізген АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігінің «Орталық Азиядағы қауіпсіз көші-қон» жобасы өкілдерінің айтуынша, әлемде жылына 50 млн кісі адам саудасының құрбаны болады екен. Қазақстан транзиттік мемлекет болғандықтан осындай заңсыздық орын алуы әбден мүмкін. Сондықтан әуежай жұмысшылары көмекке зәру азаматтарды қас-қабағына қарап-ақ ажырата білгені абзал. Алматы әуежайында жолаушылар тасымалы жыл санап артып келеді. Нақтырақ айтсақ, 2021 жылы 6,1 млн адамға, ал былтыр 7,2 млн жолаушыға қызмет көрсеткен. Маман пікірінше, бұл проблеманың алдын алу үшін елімізде құзырлы органдарды бір арнаға тоғыстыратын «Адам саудасына қарсы күрес туралы» алғашқы заң жобасы әзірленуде.

Альбина Тортобаева, USAID Орталық Азиядағы қауіпсіз көші-қон жобасының қазақстандағы жетекшісі:

- Ол жерде басты терминдар болады. Яғни, адам саудасының құрбаны, қандай нысандар бар, қай органның рөлі қандай болады, қалай органдар бірге жұмыс істеу керек барлығы жазылып тұрады. Өте үлкен кешенді бізде шешім болады деп сенемін.

Татьяна Захарченко, әуежай қызметкері:

- Мен осы әуежайда 20 жылдан аса қызмет етіп келемін. Төр күндік семинарда біз жолаушыларды бет-бейнесіне, өзін-өзі ұстауына қарап қауіпті анықтауды үйрендік. Сонымен қатар бізге күдікті жолаушылармен дұрыс байланыс орнатуды да көрсетті. Мұндай семинарға бірінші рет қатысып отырмын.