Петропавлда жаңа мұржаның құрылысы басталады

Петропавлдағы жылу орталығында биыл жаңа мұржаның құрылысы басталады. Мұндай мәлімет облыстық қоғамдық кеңестің отырысында айтылды.

Ол үшін стратегиялық нысанның алдын ала жобасы жасалды. Жалпы жылу электр орталығын жаңғырту үшін 17 млрд теңге қаржы бағытталмақ. Қазір шахарда жылыту маусымы ойдағыдай өтуде. Яғни 7 қазандық жұмыс істеп тұр. Тағы үшеуі – резервте.

Естеріңізде болса, өткен жылы наурыз айында орталықтағы алып мұржалардың бірі опырылып түскен еді.

Петр Богданов, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директорының орынбасары:

- Сәтін салса, ақпан айының алғашқы онкүндігінде жаңа мұржаның іргетасы қаланады деген жосапар бар. Негізгі жұмыстар мамыр-тамыз айларында жүргізілетін болады. Ал мердігер компания анықталды.