Түркістан облысына 15 жедел жәрдем көлігі берілді

Түркістан облыстық жедел медициналық жәрдем стансасы 15 санитарлық автокөлікпен толықты.

Алдағы уақытта олар ауыл тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсететін болады. Өңірде аудандық ауруханалардың материалдық базасын жақсартуға баса мән беріліп отыр. Жаңа жедел-жәрдем көліктері соңғы үлгідегі өкпені жасанды желдету аппаратымен, электрокардиограф, аспиратор және тағы да басқа аса қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Айта кетейік, өткен жылы облыстық қоғамдық даму басқармасына 122 автокөлік беріліп, жедел жәрдем автокөлік паркі 96%-ке жаңартылды. Жауапты мамандар бұл игілікті іс алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтады. Өңірде 140 жедел жәрдем бригадасы бар. Олар 2 млн-нан астам тұрғынға қызмет етеді.

Қанат Жұманов, облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының басшысы:

- Тәулікте 2,5 мың шақырту шығады облыс бойынша. Бәр тәулікте 1 бригада 20-25 шақыртуға шығады. Норматив бойынша қанша болу керек? – 15 шақырту. Енді бізге 5% көлік қажет болады. Себебі 5 ауданда ескі көліктерді жаңарту керек болады. Жоспар бойынша 2024 жылға бізге жаңа көліктер келу керек.