Қазақ астрофизика институтының ғалымдары «Виртуалды обсерватория» жобасын аяқтауға жақын

Алматыдағы Василий Фесенков атындағы Қазақ астрофизика институтының ғалымдары «Виртуалды обсерватория» жобасын аяқтауға жақын.

Бұл жоба 3 жыл бұрын қолға алынған болатын. Виртуалды обсерватория астрономиялық бақылау деректерін бағалауға мүмкіндік береді. Яғни, елімізде соңғы 80 жыл ішінде жүргізілген барлық бақылаудың мәліметтері толық цифрландырылады. Осылайша мамандар зерттеу нәтижелерін заманауи әдістер негізінде тағы бір рет талдайды. Сонымен қатар қазақстандық деректер базасы халықаралық серіктестік аясында шетелдік әріптестерге де қолжетімді болмақ.

Александр Серебрянский, астрофизикалық бақылау бөлімінің жетекшісі:

- Бұл астрономиялық зерттеулердің мүмкіндіктерін арттыру үшін және сыртқы тұтынушыларға қызмет көрсетуге арналған сандық виртуалды орта. Сондай-ақ жақын және алыс ғарыш объектілерін зерттеу үшін астрономиядағы үлкен мәліметтерді өңдеу, сақтау және талдау әдістерін дамыту мақсатында жасалып жатқан жоба. Шын мәнінде, тек Қазақстан ғалымдары ғана емес, сонымен қатар шетелдік мамандар да осы виртуалды халықаралық обсерватория арқылы ақпарат ала алады.

Аспан денелерінің суретін цифрлық форматқа ауыстыру оңай шаруа емес. Материалдардың 99% фотопластиналар мен фотопленкаларға түсірілген. Мысалы олардың арасында 1941 жылы 21 қыркүйекте болған тұтас Күн тұтылуының суреті бар. Обсерваториялар альянсына бүгінде әлемнің түкпір-түкпірінен бірнеше ғылыми ұйым кіреді.

Сондай-ақ...