Саян Ахметжанов Ұлытау облысына арнайы жұмыс сапарымен барды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов Ұлытау облысына арнайы жұмыс сапарымен барып, кәсіпкерлермен және азаматтық қоғам өкілдерімен кездесті.

Ашық диалог форматында ұйымдастырылған шарада шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және қорғау шаралары талқыланды. Саян Ахметжанов сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдер картасы әзірленгенін айтты. Жаңа әкімшілік аумақ құрылған кезде жемқорлық деректері көп болатын салаларды атап өтіп, кәсіпкерлер жиі кездесетін әкімшілік кедергілерді жою бағытында қоғам өкілдерін бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

Саян Ахметжанов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі превенция қызметінің басшысы:

- Қылмыстық жағдай болғанда әрі қарай соттың жүйесі, соттың шешімі ол мәселе әрине өзінің жауапкершілігін табады. Бірақ, алдын алу мәселелері өте  тиімді әрі пайдалы. Қарапайым халықтың атынан азаматтар өздерінің пікірлерін айтып жатыр. Соны жеткізуге, көруге, көзбе-көз кездесуге келіп отырмыз.