СҚО-да бизнес бастамалар қолдау тапты

СҚО-да бизнес бастамалар қолдау тапты

Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының бизнес бастамаларын қолдауға 5 млрд теңгеден аса қаражат бөлінді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – соңғы 3 жылда көрсетілген қолдау шарасы. Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов өңірге сапары барысында ұлттық жобалардың іске асу барысымен танысты. Шағын несиелеу бағдарламасына қатысушылармен кездесті. Әңгіме барысында биыл жастардың өз ісін ашуына 650 млн теңгеге 130 шағын несие берілгені айтылды.