Елде су тасқынына дайындық жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды

Оны Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр басқарады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тасқынның алдын алуға бағытталған жедел шаралар қабылдау мәселесі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте қаралды. Төтенше жағдайлар министрі республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 31 қаңтардан бастап қар араласқан қатты жауын-шашын күтілетінін жеткізді. Сонымен қатар күн жылына түседі. Оның салдарынан қалың қар мен мұз күрт еріп, бұл өзендерде су деңгейінің көтерілуіне әкеп соғуы мүмкін, - деді Юрий Ильин. Бұл ретте Үкімет басшысы өңірлердің әкімдіктері министрлікпен бірлесіп, қажетті шараларды қабылдау қажеттігін ескертті. Алматы, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл және Жетісу облыстарына 30 қаңтардан бастап азаматтық қорғау бөлімшелерінің жұмысын күшейтуді тапсырды.