Шымкентте үйсіз жануарлар қамқорлыққа алынды

Шымкентте иесіз жануарларды зарарсыздандыруға 140 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалмақ.

Қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы мұндай қаржы жергілікті бюджеттен алғаш рет бөлініп отырғанын айтады. Бұрын қаңғыбас ит пен мысықты арнайы орында үш күн ұстап, одан кейін атып тастайтын. Енді қазіргі жаңа заң бойынша иесіз жануарлар алдымен зарарсыздандырылады, содан соң екпе егіледі. Одан кейін чип салынып, қоршаған ортаға қауіп тудырмайтын, ауру-сырқаудан амандары бостандыққа жіберіледі. Ал қауіптілерін асырап-бағатын арнайы орынға тағы да 120 млн теңге қаржы бөлінбек. Кейінгі кездері қаңғыбас ит-мысықтардың мәселесі жануарлардың құқығын қорғаушылар тарапынан көп айтылып жүр.

Талғат Мекамбаев, қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:

- Үйсіз жануарларға қарайтын арнайы орында оларға тамақ бермей аш ұстаған. Сондықтан бұл орталыққа қызметтік тексеру жүргізіліп, нәтижесінде директорына алдымен сөгіс жарияланды. Кейін жұмысынан босатылды. Бүгінгі күні мұндағы барлық жануарлар азық-түлікпен толық қамтылған.

Сондай-ақ...