Оралда аула клубтарының саны артып келеді

Оралда 2 мыңнан аса оқушы аула клубтарындағы түрлі үйірмелерге барып жүр.

Облыс орталығында осындай 20 шақты клуб жұмыс істейді. Жуырда тағы бір орталық ашылды. Ол қалаға қарасты Круглозерный кентінде бой көтерді. Жаңа ғимарат 160 балаға шақтап салынған.

Ақ жаулықты әжелерден тұратын «Қазына» халық ансамблі үш жыл бұрын құрылыпты. Шығармашыл ұжымның репертуарында сан түрлі ұлттың әндері бар. «Өнеріміз көпшілікке ұнайды. Бірақ, дайындық өткізетін орын талапқа сай болмады. Енді бәрі реттелді, өте қуаныштымыз», -дейді ансамбль мүшелері.

Галина Покровская, Круглоозёрный кентінің тұрғыны:

- Бұрынғы ғимаратымыз ескі болды. Соған қарамастан адамдардың бос уақытын қызықты етіп ұйымдастыруға атсалысып жүрдік. Ал қазір міне, 2 жыл күткен арманымыз орындалды. Бәрі жаңарған, керемет!  

Мектеп оқушылары вокал, сурет, қолөнер үйірмелеріне қатысады. Саз аспаптарын үйреніп, тоғызқұмалақ пен шахмат ойнауға да асығып тұратыны рас. Жаңа орталықта 160 баланы қамту көзделіп отыр.

Бақтияр Ерболат, оқушы:

- Бәріміз де қуандық, өйткені мұнда ойнағанда кейде свет істемей қалады. Іші жылы, жаңарды, қауіпсіздік шаралары да жаңарғанын көріп отырмыз. Мұның бәрі жақсы, ұнайды.

Әсел Хайруллина, «Community» орталығының меңгерушісі:

- Керемет күрделі жөндеуден өтіп клубымыз одан әрі орталығымыз көркейе түсті. Келген адамға  қарағанда да жақсы ғой енді, жарық, барлығы әдемі болып тұрғаны. Сол балаларымызға тұрғындарымызға арнап осындай керемет орталығымызды ашып жатырмыз.

Қала іргесіндегі кентте халық саны ұлғайып келеді. Сондықтан, келешекте инвестор есебінен мәдениет үйін салу жоспарланып отыр.

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Қанат Махмұтов, Елдар Аюпов.

Сондай-ақ...