Ақтөбеде демалыс орнында жарақаттанғандардың жағдайы қалыпты

Демалыс орнында жарақат алған ақтөбеліктердің жағдайын дәрігерлер жіті бақылауында ұстап отыр.

Облыстық балалар ауруханасына түскен төрт адамның бірі жансақтау бөлімінде жатса, қалған үшеуі травматология бөлімшесінде ем қабылдауда. Мамандар 16,5 және 1 жастағы науқастардың жағдайы әртүрлі дейді. Бірақ, бәрінің де басынан жарақат алғанын айтады. Толық сауығып кетуі үшін әлі біраз уақыт қажет. Барлығы да мұнда кеше қала сыртындағы демалыс орындарының бірінде болған оқыс оқиғадан кейін жеткізілген. Онда қар үстінде жүретін көлік бір топ адамды қағып кеткен болатын. Нәтижесінде, 40 жастағы әйел қайтыс болса, 49 жастағы ер адам мен бес бірдей кәмелетке толмаған бала ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің тексеруінен кейін жеңіл жарақат алған бір адам үйіне жіберілген. Қазір ересек адамның жағдайы да бақылауда.

Сәкен Нұрымов, балалар травматологы:

- Қазіргі таңда науқастардың бәріне толықтай ем тағайындалған, көрсетілген. Қабылдау бөлімінде барлық біздің әріптестер керек; хирург, нейрохирург, реаниматолог, травмотолог, лор барлық дәрігерлер қарап, көмек жасалды. Қазір науқастардың жағдайы тұрақты, асқынусыз, тағайындалған емдерін алып жатыр.