Астанаға 118 млрд теңге инвестиция құйылады

Биыл елордада инвесторлардың есебінен 30-ға жуық жоба іске қосылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің инстаграм парақшасында мәлімдеді. Өнеркәсіп, медицина, агроөнеркәсіптік кешен, білім және логистика салаларын қамтитын жобалар 2 мыңнан аса жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Осылайша, қалаға құйылатын жеке инвестиция көлемі 118 млрд теңгеден асады. Сондай-ақ жазбада шаһар басшысы сырттан қаржы тартуға басымдық беріледі деді. Осы үшін инвесторларды қолдап, қолайлы жағдай жасауға дайын екенін жеткізді.