Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов жедел штаб отырысында тиісті тапсырма жүктеді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қазір қаладағы жылу электр станциясында 6 қазандық жұмыс істеп тұр. Желілерді қалпына келтіру жалғасып жатыр. Келесі аптада темірбетон құрылыстарын орнату, ең күрделі учаскелерде құбырлардың бетін жабу сынды жұмыстар атқарылады. Көктемде станцияда 5 су жылыту және 3 энергетикалық қазандық агрегаты жаңартылады. Қазір жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.
