Оқушыларға мамандық таңдауға кәсіби менторлар кеңес беретін болды

Елде оқушылардың 87% болашақ мамандығын ата-ана мен мұғалімдердің ықпалымен таңдайды.

Осының салдарынан қазір еңбекке қабілетті азаматтардың 60% өзі оқыған сала бойынша жұмыс істеп жүрген жоқ. Ал сапалы кадрларды даярлау үшін жастарға қазірден бастап дұрыс бағдар беру - маңызды. Сол үшін енді жеткіншектерге мамандық таңдауға кәсіби менторлар кеңес береді. Биыл «Болашаққа сеніммен» жобасы аясында 500-ден аса білім ордасында семинар өтеді. Мұндағы мақсат – жастарға жұмыс таңдауға көмектесетін платформа құрып,  қай саланың өзекті екені жайлы ақпарат беру. Менторлар құрамында табысты кәсіпкерлер мен шығармашылық сала өкілдері болады. Жауапты мамандар «әсіресе елді мекендердегі мектептерге ерекше көңіл бөлу керек», деп отыр.

Мұхтар Манкеев, «Болашақ» қауымдастығы кеңесінің мүшесі:

- Ата-аналардың 25% балаларының қандай мамандық таңдағысы келетінін туралы түсініктері жоқ екенін мойындайды. Және де көптеген тағы басқа статистикалық мәліметтер бізді қоғам белсендісі ретінде осындай жобаларды дамытып, жүзеге асыруға ықпалын тигізді деуге болады. 21-22 жылы 40-тан астам мектепке барып, пилоттық кездесулер өткізген болатынбыз. Ал енді осы жылдың осңына дейін 500-ден астам мектепті қамтығымыз келіп жатыр. Бұл жерде ең басты назарымызда шалғай аймақтардағы мектептер.