Алматыда өткен жылы 8 қаржы пирамидасының жолы кесілді

Олар азаматтарды ақша салуға көндіріп, пайдаға қарық боласыз деп сендірген. Нәтижесінде, 3500-ден аса адам алаяқтардың арбауына түскен.

Мысалы, бір ғана Qozgan Inc қаржы пирамидасына 50-ден аса адам алданып, 270 млн теңгесінен айырылған. Жалпы 8 қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың құны 2,2 млрд теңге болатын мүліктеріне тыйым салынған. Құқық қорғаушылар «Байқа пирамида!» телеграм-ботыныңда пайдасы тигенін айтады. Оған азаматтардан 2 мыңнан астам өтінім келіп түскен, оның ішінде 1800-і қаралды. Онда тұрғындар кез-келген компания туралы сұрап, қаржы пирамидасына қатысы бар-жоғын анықтай алады. Одан өзге интернет алаяқтардың да саны жыл санап артып келеді. Сондықтан құқық қорғаушылар қоңырау соққан күмәнді адамдарға жеке мәліметтерді бермеуге және белгісіз сілтемелерді ашпауға кеңес береді. 

Жақсылық Мырзахан, Экономикалық тергеу департаментінің өкілі:
- World Business Consulting қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар қылмыстық іс шеңберінде 8 жәбірленушіге келтірілген 34 млн-нан аса теңгесі қайтарылды. Сондай ақ мынау зергерлік бұйымдар сататын дүкеннің атын жамылып жұмыс істеген қаржы пирамидасы B2B Jewelry, ол жерде 230-дан астам азамат 300 млн-нан аса қаражатын қайтарды.

Еркебұлан Қойшыбаев, қалалық ПД аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі:
- Антифрод деген жүйе қолданыста, енгізіліп жатыр қазіргі уақытта. Ол сізге қай мемлекеттен хабарласып жатқаны анықталады. Егер оны байқаса, номер басқа жерде орналасқанын подмена номермен хабарласып жатыр деген кезде ол бұғатталады.