Елордалық мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мекемеде қосымша орын ашылады

«Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жаңа бөлімшесі 80 адамды қамтиды.

Мұны орталық директоры Ердәулет Аманбай әлімдеді. Оның айтуынша, қазір арнаулы нысанда 200-ге жуық маман жұмыс істейді. Олар 560 ерекше балаға тегін әлеуметтік көмек көрсетеді.

Ердәулет Аманбай, «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры:

- Арнаулы әлеуметтік қызметтер негізінен 3 бағытта көрсетіледі. Біріншісі үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету, екіншісі жартылай стационарлық, үшіншісі стационарлық жағдайда қызмет көрсету. Біздің орталық үй жағдайында және жартылай стационарлық жағдайда оңалту шараларын көрсетеді. Яғни күніне біз 60 баланы оңалту шарасына қабылдаймыз.