Елордада «Қазақстанды бірге салайық!» бояу кітапшасының тұсаукесері өтті

Жиынға 4-12 жас аралығындағы балалар мен 300-ге жуық ерікті қатысты.

«Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау» орталығынан да жасөспірімдер келді. Олар Бейбітшілік, Келісім, Сенім тақырыптарында сурет салды. Кітапшада суреттермен қатар, ақын-жазушылардың өлең жолдарынан үзінділер жазылған. Балалар арасында түрлі ойындар ойнатылып, жаттығулар жасалды. Шараға қатысқан барлық балаға арнайы сыйлықтар мен бояу кітапшалары берілді.