Ақтөбеде есірткі сатқан тұрғын ұсталды

Ақтөбеде есірткі сатқан тұрғынға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жедел іздестіру шарасы кезінде ол қылмыс үстінде ұсталды. Тұрғыннан синтетикалық есірткі заттары табылып, тәркіленді. Азамат уақытша ұстау абақтысына қамалды. Осыған дейін 22 интернет-дүкен әшкереленіп, 27 мыңнан аса сатып алушы анықталды. Ондағы қаржы айналымы 4,6 млрд теңгені құраған.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық монмиторинг агенттігінің ресми өкілі:

- Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақтөбе облыстық департаменті облыстық прокуратурамен бірлесіп, есірткі және психотропты заттарды аса ірі көлемде сақтау және өткізу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде ол қылмыс үстінде ұсталып, оның тұрғылықты жерінде тінту жұмыстары жүргізіліп, одан «Alfa-PVP» синтетикалық есірткі заты; кокаин және каннобиноидты топтың есірткі заттары табылып, тәркіленді.