А. Көлгінов: LRT құрылысы жалғасып жатыр

«Астана ЛРТ құрылысы жалғасып жатыр. Бірақ бұл мәселе қазір менің қарамағымда емес». Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов журналистерге осылай деп жауап берді.

Айтуынша, ол Астана қаласының әкімі болған кезде жобаға 50 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінген. Қазір құрылысқа бас қаланың әкімдігі жауапты. былтыр ауқымды істер атқарылып, сақалды құрылысқа жан бітті, - дейді, вице-премьер.

Алтай Көлгінов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

- Инженерлік желілерді шығару, балкаларды, құрылыс конструкцияларын дайындау жұмыстары жалғасып жатыр. Ескерерлік бір жайт, қыс мезгілінде оның қарқыны бәсеңдейді. Дегенмен бөлінген қаржы тиісті бақылауға алынған. Қытайлық консорциум алдында қарызымыз болған. Соның бір бөлігі жабылды. Жұмыс жалғасып жатыр. Жобаны аяқтау керек.