Петропавлда жылудың қымбаттауына қатысты іске прокурорлар араласты

Петропавлдық кәсіпкерлер үшін жылудың не үшін қымбаттағанын енді прокурорлар анықтамақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құзырлы органға шахардағы тұрғын үйлердің 1-ші қабатынан кәсіп ашқан 30-ға жуық азамат шағым түсірді. Айтуларынша, тариф өзгермеген. Алайда олар ай сайын келетін төлем неліктен 2 есеге дейін өсіп кеткенін біле алмай дал. Ал монополист компания болса есептеудің жаңа әдісі енгізілгенін алға тартуда. Аталған сұрақ кәсіпкерлер палатасында қаралды. Жиынға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің өкілдері, прокурорлармен Табиғи монополияларды реттеу департаментінің мамандары да қатысты.

Егор Поляков, СҚО прокуратурасы басқармасының аға прокуроры:

- Бұл сұрақ біздің қатаң бақылауымызда. Тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазір қажетті органдарға сұрау салдық. Егерде қандай да біз заңбұзушылық анықталатын болса, біз материалдарды сотқа жіберетін боламыз.