ШҚО-да оқушыларға экстермалды жағдайдан аман шығу жолдары көрсетілді

Иен далада немесе қақаған аязда далада​ адасып кетсең не істеу керек? Шығыс Қазақстандық құтқарушылар мектеп оқушыларына арнап осындай шеберлік сағатын​ өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».​

Бұл үшін олар​ бір топ жоғарғы сынып оқушысын шаңғымен серуенге алып шықты. Осылайша, қалың қарда, таулы орман ішінде қалып қойған​ кезде не істеу қажеттігін іс жүзінде көрсетті. Жеткіншектер, ең​ бірінші, омбы қар мен аяздан зардап шеккендерге жәрдем​ берсе,​ жартысы көмек​ шақыратын белгі ретінде​ жылдам алау жағуды үйренді. Сонымен қатар балалар​ ну орманның ішінен компассыз қалай жол табуға болатынын да​ білді. Нағыз мамандардан​ тәжірибе алды. Мұндай шара аптасына бірнеше рет өткізіліп жатыр.

Жадыра Аманғалиқызы, ШҚО ТЖД бас маманы:

-​ Қазіргі өсіп келе жатқан​ ұрпаққа қыс кезіндегі төтенше жағдайдан қалай сақтану керек, егер де осындай жағдайға​ тап болсаң, қалай аман қалу керек, қыс кезінде қолда бар заттармен қалай баспана жасау керек деген сияқты немесе қалай жол тауып, бағыт-бағдар жасап үйрену керек сияқты тәсілдерді үйрету бойынша осындай​ жарыстар өткізіліп жатыр.