Петропавлда жабайы еліктер құтқарылды

Петропавлдықтар жарақат алған сібір еліктерін құтқарып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».​

Мамандардың айтуынша, түз тағыларын қаңғыбас иттер талап кеткенге ұқсайды. Тіпті біреуінің артқы аяғын кесіп тастауға тура келген. Қала көшелерінде зардап шеккен еліктерді аңшылық шаруашылығының қызметкерлері тауып алып, ветеринарларға жеткізді. Қазір олар ботаникалық бақтың қамқорлығында. Енді жануарларға жан-жақтан жем-азық жиналып жатыр. Өйткені ен даланың еркелерін бағуға қосымша қаржы қарастырылмаған. 

Артур Разяпов, ботаникалық бақтың директоры:

- Қазір еліктерді волонтерлердің көмегімен қоректендіріп жатырмыз. Жем-азық жағынан аңшылық шаруашылықтары да қол ұшын созды. Бірақ қалада қиын жағдайға душар болған жануарларға арналған арнайы орталық жоқ.

Сондай-ақ...