loader


Қыстан бері Самарқанд су қоймасында екі балықшы қайтыс болды

Теміртау қаласындағы Самарқанд су қоймасында құтқарушылар аязда үсіп қалған балықшының мәйітін тапты.

Айтуларынша, бұл қыс басталғалы дәл осы айдында болған екінші қайғылы жағдай. Сондықтан мамандар бүгін рейдке шығып, балықшыларға нұсқаулық таратып, ескерту жасады. 

Самарқанд су қоймасындағы балықшылардың айтуынша мына шатырдың құрылып тұрғанына екі күн болған. Бірақ ішінен ешкім шықпапты. Күдік туғызған күркені рейд жүргізіп жүрген төтенше жағдай қызметінің мамандары тексергенде ішінен бір адамның мәйіті табылды.

- Умер, надо вызвать полицию.

- Скорую освидетельствование. Возможно он раздевался тут обувь снята. Может замерзал, когда человек замерзает ему становится жарко, он начинает раздеваться.

Орта жастағы балықшының қалай көз жұмғаны әзірге жұмбақ. Оны сот-медициналық сараптамасы анықтайтын болады. Өкінішке қарай, кейде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың соңы осындай қайғылы жағдайларға әкеліп жатады, - дейді төтенше жағдай қызметінің мамандары.

Еркін Жаңабаев, Қарағанды облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері

- Төтенше жағдай департаментінің құтқарушыларымен күнделікті осындай су айдындарында рейдпен, патрульдеу өткізіледі. Осы қысқы кезең басталғаннан бері, 2022-2023 жылдың аралығында 1500 рейд өткізілді. Оның барысында 3500 адамға нұсқаулық өткізілді.

Қарағанды облысында қазір 200-ден астам су айдыны бар. Құтқарушылар күнделікті соның барлығын аралап шығуға тырысады. Балықшыларға нұсқаулық таратып, ескерту жасайды.    

- Вот меры безопасности почитайте. Знаю, да, я вообще не пью. 

Мамандардың айтуынша, көлде көз жұмғандардың көпшілігі спирттік ішімдікті шектен тыс көп ішкендер немесе жылытқыш құралдарды дұрыс қолданбағандар екен.

Василий Усачев, балықшы:

- Ең дұрысы күрке ішінде май шам пайдалану керек. Арзан, әрі қауіпсіз. Көпшілігі газ баллон жағып, шатырдың есік-терезесін бітеп алады. Сосын ұйықтап кетсе уланып, оянбай қалуы мүмкін. Ондай оқиғалар болды.

Төтенше жағдай мамандарының айтуынша, көлікпен көлге шығу да қауіпті. Өткен жылы екі бірдей машина су астына кеткен. Бірақ өкінішке орай, балықшылар ескертуді елемейді. Оларға заң бойынша шара қолдану да мүмкін емес. Абырой болғанда биыл мұздың қалыңдығы 70 сантиметрге жеткен.

Ардақ Асылханұлы, Сайран Ақамбаев, Зарина Зұлпыхар

Сондай-ақ...