Меркі аудандық емханасы «Үздік тәжірибелер орталығы» жобасымен 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.
Соның аясында ауруханада жаңа 6 бөлім ашылды. Оның бірі - пациенттерді қолдау қызметі. Бөлім халықтан түскен шағымдарды дер кезінде шешумен айналысады. Профилактикалық бөлім - нысаналы топтардағы ауруды ерте анықтауға мүмкіндік беріп отыр. "Нәтижесінде халықтан түсетін шағым екі есеге азайды" -дейді мамандар.
Мейрамбек Дәрменов, Меркі аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің м.а.:
- Қант диабеті сазылмалы жүрек жетіспеушілігі және артериалық қан қысымы. Содан болатын өлім-жітім алдыңғы жылы 33 адам қайтыс болған болса, 22 жылы ол 30 пайызға төмендеп отыр. 100 пайызға бізде барлық диспансеризация амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген.
